Қызылорда қалалық No2 сотында Қуанышбек Ысқақовқа қатысты сот үкімі жарияланды. Сот шешімімен экс-әкімді жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтеуі керек. Сондай-ақ, Қуанышбек Ысқақов мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды, деп хаарлайды AzattyqRuhy.kz.
Бұған дейін прокурор Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Ысқақовқа қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ал оның екі орынбасары мен екі кәсіпкер бұл қылмысты жасауға көмектесуші ретінде сотталып жатыр. Прокуратура екі орынбасардың әрқайсына жеті жыл, кәсіпкерлердің әрқайсына алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Қызылорда облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары «Сыр мейірімі» қоғамдық-әлеуметтік қорына тиесілі 80 миллион теңге (190 мың доллар) көлеміндегі қаражатты жымқырды деп айыпталды.
Қуанышбек Ысқақов пен оның орынбасарлары Марат Делмұханов, Мұрат Имандосов былтыр көктемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған болатын.
Еске сала кетейік, 27 наурызда әлеуметтік желілерде Қызылорда облысының әкімі қамауға алынды деген ақпарат тарады.
28 наурыз күні Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысы әкі қызметінен босатылып, оның орнына өңір басшысы болып Гүлшара Әбдіхалықова тағайындалды.
7 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысының экс-әкіміне қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа берілгенін хабарлады.
Қызылорда облысының экс-әкімі 7 жылға бас бостандығынан айырылды
2020-12-10 12:20:13
Источник:
http://www.matritca.kz/news/84803-yzylorda-oblysyny-eks-km-7-zhyla-bas-bostandyynan-ayyryldy.html#
Последние новости
10.12.2020
В Казахстане запретят УДО для коррупционеров