Қазақстанда мәжіліс депутаттарының сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды

2020-12-10 08:20:15
Орталық сайлау комиссиясы Конституциялық заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен, яғни 10 желтоқсан жергілікті уақытымен 00.00-де басталып, сайлау күнінен бір күн бұрын, 9 қаңтарда 18.00-ден бастап 00.00-ге дейін аяқталады, деп хабарланды, деп жазады AzattyqRuhy.kz.

Мәжіліс депутаттары сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары да осы заңға сәйкес өтеді. Дауыс беру сайлау учаскелерінде сайлау күні жергілікті уақытпен 07.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы ҚХА кеңесіне тиесілі. Үміткерлерді ұсыну бір ай бұрын - 11 желтоқсанда басталады және сайлауға 21 күн қалғанда, яғни осы жылдың 22 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгешеліктер белгіленбесе, 20 күн бұрын - 22 желтоқсанда басталады және сайлауға 15 күн қалғанда - 27 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталады. Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен мәслихат сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі.

Парламенттің төменгі палатасындағы орындар үшін алдағы сайлауда бес партиядан кандидаттар таласады:

Nur Otan партиясы
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы
Қазақстан Халық партиясы (экс-коммунистер);
«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы
«Адал» саяси партиясы