Полицейлерге жасалған шабуылдың видеосы тарады. Оқиғаның қайда болғаны анықталды

2020-12-10 12:20:13
Әлеуметтік желілерде және мессенджерде полицейлерге жасалған шабуылдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Видео Түркістан облысында түсірілуі мүмкін. Желідегі ақпаратқа сәйкес атыстан 2 полиция қызметкері қаза тапқан.

Алайда бұл видеоның Қазақстанда түсірілмегені анықталды. Оқиға Ресейде болған. Видео бірнеше жыл бұрын YouTube-ке жүктелген.



Түркістан облысы полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді.

"Бұл ақпарат жалған. Оқиға 2014 жылы Ресейде болған. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқандар Қазақстан заңына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертеміз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство желіде жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін ондағы мәліметті күн сайын тексеріп отыратынын атап өтті.