Ақтөбеде бірнеше жол апаты болды. Көлік жүргізуші мен екі жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқыс оқиға 11 тамыз күні сағат 18:40-да «Ақтөбе-Богословка» трассасы бойындағы Сазды ауылы маңында болған. «Opel Vectra» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып «Toyota Camry» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Opel Vectra» автокөлігінің екі жолаушысы ауыр жарақаттан жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. «Toyota Camry» автокөлігінің 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі тексеруден өтіп, біреуі ауруханаға жатқызылды.
«Opel Vectra» автокөлігінің жүргізушісі жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөліміне жатқызылды. Тексеру кезінде өткен жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Тағы бір жол апаты «Самара-Шымкент» тасжолында болды. «Аudi 100 C4» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы қарсы бағытқа шығып, «Iveco МІ 80E» маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Жеңіл көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Осы оқиға бойынша да сот алды тергеу жұмысы басталды.
Тағы бір жол апаты «Самара-Шымкент» тасжолында болды. «Аudi 100 C4» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы қарсы бағытқа шығып, «Iveco МІ 80E» маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Жеңіл көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Осы оқиға бойынша да сот алды тергеу жұмысы басталды.
Ақтөбеде жол апатынан үш адам көз жұмды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
13.08.2020
75 человек эвакуировали из-за пожара в общежитии в Семее
13.08.2020
Министр ТЭЦ-3 Алматы экологиясына қалай әсер ететінін айтты
13.08.2020
Лишенный прав водитель стал виновником смертельного ДТП в Актюбинской области
13.08.2020