Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ТЭЦ-3 Алматы ауасын ластауға қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
"Біз ТЭЦ-3-тің Алматыға әсерін карантин кезінде анықтадық. Бұған дейін ол ескерілмейтін. Қазір біз ТЭЦ-2-ден 33 мыңға дейін, ал ТЭЦ-3-тен 12 мыңға жуық зиян зат шығатынын көріп отырмыз. Бірақ Түрксіб ауданы түгелдей, бұрын Калинин, Мичурин колхозы болған аумақ, қазір Белбұлақ деп аталады, әуежай аумағы - бұлардың бәріне ТЭЦ-3 әсер етеді", - деді министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Сондай-ақ министрліктегі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зүлфухар Жолдасов ТЭЦ-3-тің әсері туралы пікір білдірді.
"Алматы бірнеше жыл елдегі ең лас қалалардың тізімінде болды. Оған жылу көздерінен шығатын қалдықтар және жолдағы көліктердің кептелісі себеп болды. 2019 жылғы есеп бойынша атмосфераға 114 мың ластайтын зат бөлінген, оның 34 пайызы жылу көздерінен, 52 пайызы көліктен және 14 пайызы жеке сектордан шыққан. ТЭЦ-3 және ТЭЦ-2-ні газға алмастыру керек, сонда ТЭЦ-2 қалдының үштен бір бөлігіне тең болады", - деді Жолдасов
Министр ТЭЦ-3 Алматы экологиясына қалай әсер ететінін айтты
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
13.08.2020
Лишенный прав водитель стал виновником смертельного ДТП в Актюбинской области
13.08.2020
Қымбат көлікті арзанға әперем: алаяқ 3 адамнан 11 млн теңге сыпырып кетті
13.08.2020
О влиянии ТЭЦ-3 на экологию Алматы рассказал министр
13.08.2020