Арнайы операция барысында үш қазақстандық пен бір шетелдік ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Экономикалық тергеу департаментімен және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде Қазақстан Республикасының үш азаматы мен бір шетелдікті ұстады.
Күдіктілердің Ақмола облысының аумағында кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында таратылған психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар. Есірткіні сату осы мақсатта құрылған Интернет желісінің «Deep Web, Darknet» көлеңкелі сегментінің платформасында «қойылма» деп аталатын жолмен жүзеге асырылған, - делінген ҰҚК таратқан хабарламасында.
Тінту барысында есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен жабдық табылды.
Ұсталған адамдар ҚР ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Есірткі сатумен айналысқан шетелдік пен үш қазақстандық ұсталды – ҰҚК
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}