Солтүстік Қазақстан облысында алдағы демалыс күндері карантин талаптары күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
СҚО-да карантин талаптарының сақталуы мобильді қосымша арқылы қадағаланады Маңғыстауда карантин кезінде той жасалған СҚО-ның бас санитариялық дәрігері Серікбай Қасмақасовтың жаңа қаулысы бойынша демалыс күндеріне шектеу шаралары 15 тамыз күні сағат 00.00-де күшіне еніп, 17 тамыз сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Бұл жолғы қаулыда өзгеріс бар. Мейрамхана мен дәмханада тағамды тапсырыс бойынша жеткізумен қатар, келушілерге өзімен алып кетуге салып бере алады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерін сататын дүкендерге жұмыс істеуге рұқсат берілген.
Бұдан басқа азық-түлік және дәрі-дәрмек сататын сауда орындарынан басқасы, базарлар, демалыс орындары мен монша-сауналар, саябақтар, туризм және спорт нысандары жұмысын тоқтатады.
Өңір тұрғындарына отбасылық мерекелерді өткізуге, той-томалаққа баруға, туған-туыс, дос-жарандарын аралауға тыйым салынған.
Жалпы бұл күндері жұмысқа баруға, жақын маңдағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға баруға және аулада үй жануарларын серуендетуге ғана шығуға рұқсат берілген.
Қала, елдімекендер ішінде, сондай-ақ саяжайларға баратын қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылады.
Айта кетейік, СҚО-да өткен тәулікте 33 адамда коронавирус белгілері анықталса, 41 науқас тәуір болды. Жалпы наурыз айынан бері өңірде қауіпті індеттің 3641 жағдайы тіркелсе, 2527 адам емделіп шықты. 17 адам қайтыс болды.
СҚО-да демалыс күндері карантин күшейтіледі
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}