Қазақстандық студенттер Ресейге уақытша кіргізілмейді

Поделиться:
Ресейде оқып жүрген қазақстандық студенттер көрші елге уақытша кіре алмайды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Коронавирус пандемиясына байланысты эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қазақстандықтардың, оның ішінде студенттердің Ресейге кіруі уақытша тоқтатылды.

"Елшілік студенттер мәселесін ерекше бақылауда ұстап, Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Келесі аптада жауап алуымыз мүмкін, бұл туралы ресурстарымызда жедел хабарлаймыз. Жаңалықтарды қадағалап отырығыздар.

Туындаған ыңғайсыз жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды және үрейге бой алдырмауды сұраймыз. Мұндай штаттан тыс жағдайлар пандемияға байланысты әлемнің көптеген елінде қалыптасты", - деп хабарлады елшіліктегілер.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также