Павлодарда көлік жүргізушісі 14 жастағы баланы қағып кетті

Поделиться:
Павлодарда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолда баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 1963 жылы туған жүргізуші реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 2007 жылы туған баланы қағып кеткенін хабарлады.

"Дерек тіркелді. Тексеру жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды. 2007 жылғы жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

1963 жылғы жүргізуші куәлікке сәйкес мас болмаған. Автокөлік процессуалдық шешім қабылданғанға дейін айып тұрағына қойылды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также