Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников Алматы қаласында қымбат көліктердің айнасын ұрлауды әдетке айналдырған ұрылар тобы қолға түскенін хабарлады, ждеп жазады AzattyqRuhy.kz.
«Полиция қызметкерлері арнайы жасақтың сарбаздарымен бірге 1988 және 1999 жылы туған үш ер адамды ұстады. Олар - Алматы облысына Жамбыл ауданының тұрғындары. Ұсталған азаматтар бірнеше қымбат көліктің айнасын ұрлады деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде ұсталған адамдардың осыған ұқсас бес ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Алмалы ауданында 4 жағдай, тағы бірі Медеу ауданында тіркелген. Айыпталушылар қаланың барлық жерінде ұрлық жасаған болуы мүмкін. Анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді Владимир Решетников.
Сондай-ақ, спикер, ұрланған автокөлік айналарын сату жолын анықтау бойынша жедел шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Айта кететін бір жайт, күдіктілердің бірі бұрын (біреудің мүлкін ұрлау) сотты болған. Бұл топтың қанша уақыттан бері әрекет еткені әрі қарай зерттеледі.
Алматыда қымбат көліктердің айнасын ұрлаумен айналысқан ұрылар тобы ұсталды
2020-08-03 13:00:55