Ресейлік БАҚ-та елдің Қазақстанмен шекарасы қазан айынан ерте ашылмайтыны туралы ақпарат пайда болды. "Эйр Астана" мәліметке түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ресейлік БАҚ хабарламасында "қазақстандық әуе компаниялардың бірінің дереккөзіне" сілтеме жасаған. Сонымен қатар, ТМД-ның басқа елдерімен жағдай қалай болатыны белгісіз екені де жазылған.
Қазақстандық "Эйр Астана" әуе компаниясының баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, рейстердің қайта ашылуы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты.
"Ресейге тұрақты рейстерді әуекомпания ірі қалалардан бастауды жоспарлап отыр: Мәскеу және Санкт-Петербургтен. Ал Ресей аймақтарына ұшу күзгі-қысқы навигация басталғанға дейін қайта жанданбайды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков 10 тамыздан бастап Түркияға туристік рейстерді қайта бастау жоспары туралы мәлімдеген болатын.
"Ресеймен шекара қазаннан ерте ашылмайды". Ақпаратты әуе компания өкілі түсіндірді
2020-08-03 13:00:55