Рудный қаласының полицейлері аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған 50 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдіктінің гаражынан 418 келіден астам көкнәр, 14 келінің үстінде гашиш, сондай-ақ, электронды таразы мен 750 мың теңге табылған.
«Қазір ұсталған азаматқа ҚР ҚК 297 бабында көзделген заңсыз есірткі сақтады деген айып тағылды. Күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр. Қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс барысында арнайы сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр», - дейді Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қайрат Дүйсембеков.
Полицияның мәліметінше, тәркіленген есірткі затының құны 30 млн теңгені құрайды.
50 жастағы қостанайлық 432 келі есірткіні гаражында сақтап келген
2020-08-03 13:00:55