Жаңаөзенде екі полицейді балағаттаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңаөзен қалалық сотында Е-ге қатысты ҚР КК-нің 378-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Е. Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ» шағынауданында орналасқан Жаңаөзен қаласы ПБ-ның қызметтік бөлмесінде өздерінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлері К. және Ж-ны балағаттап, ар-намысына тиетін балағат сөздерді айтқан.
Соттың үкімімен Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасауда кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии