Бөлме температурасындағыдай суда коронавирус 24 сағатта 90 пайызға, ал 72 сағат өткенде 99,9% жойылады. Бұл туралы Ресей ғалымдары мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Роспотребнадзордың "Вектор" орталығында коронавирустың судағы өміршеңдігіне зерттеу жасалған.
Зерттеу барысында хлорсыз және теңіз суында коронавирустың көбеймейтіні белгілі болды, алайда сақталады. Оның суда сақталуы тікелей су температурасына байланысты. Қалыпты, бөлме температурасында коронавирус бөлшектерінің 90%-ы 24 сағат ішінде, ал 72 сағатта 99,9% жойлыды,-делінген хабарламада.
Ғалымдардың мәліметінше, вирус қайнаған суда толықтай жойылады, ал хлорлы суда өміршеңдігінен айырылады.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии