Браконьерлерден 1571 ақбөкен мүйізі мен 513 тұтас ет алынды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Алғашқы жатыжылдықта мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 3 748 оқиғасын анықтады. Үш мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке, 12 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте жалпы айыппұл сомасы 44 млн теңге, залал сомасы 1,6 млрд теңге», - делінген хабарламада.
Өткен жылы дәл осы кезеңде (жарты жылда) 4 197 оқиға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 3 335 адам, қылмыстық жауапкершілікке 19 адам тартылған. Ол кездегі жалпы айыппұл сомасы 45,6 млн теңге, залал сомасы - 870 616,2 мың теңге болған.
Қазақстанда жыл басынан бері 39 браконьерлік фактісі анықталды
2020-07-30 09:00:44
Последние новости
30.07.2020
ЦИТАТА ДНЯ
30.07.2020
Коронавирусты "лезде өлтіретін" әдіс табылды
30.07.2020
"Бәйтерек" монументінің авторы қайтыс болды