Сәтбаев қаласының соты педофил деген күдікпен ұсталған азаматты қамауға алу туралы санкция шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бала ұрлау және зорлауға қатысты күдікті қылмыстық іс тергелгенге дейін екі ай қамауда болады.
"Сәтбаев қалалық соты 26 шілдеде екі ай мерзімге дейін қамауға алу шарасы туралы сот санкциясын шығарды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотындағылар.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында жанжал шыққан болатын. Тұрғындар баланы ұрлады деген күдікке ілінген адамды тергеусіз жазалауды талап еткен. Жоғалған қызды іздеу барысында ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көліктерді өртегені хабарланған.
Артынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы екі жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. "Ұрлау" және "Зорлау" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізген.
Сәтбаевтағы оқиға: күдікті екі айға қамалды
2020-07-27 11:01:03
Последние новости
27.07.2020
Халықтың билікке деген сенімі аз - Сарым