Халықтың билікке деген сенімі аз - Сарым

Поделиться:
Бұл туралы танымал саясаттанушы Айдос Сарым "Antikor Live" жобасы аясында өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы, азаматтардың билікпен қарым-қатынасы дұрыс дәрежеде емес. Біріншіден, сенім аз. Екіншіден, кез келген мәселені бастау қиянат. Жұмыс істейтін десең, "ойбай, сатылып кетті" деп шығарады. Билікпен әңгімеге келіп, үлкен мәселе шешіп жатсаң тағы да шығады. "Сөз тасушы" дейді. Меніңше, бұл дұрыс емес. Мемлекет-барлығымызға ортақ шаруа. Ол сіздің немесе сіздің басшының, Тоқаев пен Маминнің жекешелендіріп алған дүниесі емес. Мемлекеттен қаржы ұрлап жатқан мәселені полицияға беру, қажет болса соттасу - азаматтық қоғамның міндеті, - деді Сарым.

Саясаттанушы айтып өткендей, "республика" деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда "ортақ іс" дегенді білдіреді.

Өзіміз үшін өзіміз жауап бере алатын жағдайдамыз. Біздің ортақ ісіміз - мемлекеттің жағдайын жасау. Мемлекеттік басқару сиқыр емес. Көзбен көру үшін университет бітірудің қажеті жоқ. Ол біздің ортақ жауапкершілігіміз, - деді ол.

Саясаттанушы айтып өткендей, полиция деген - отан қорғаушы.

Бүгін полицияны балтамен шапсаң, ертең мылтықпен атсаң. Мемлекет деген бітті, оны тарата беруге болады. Полицияның ішінде де оңбағаны бар шығар. Шенеуніктің де ішінде ондайлар болуы мүмкін. Бірақ бұл елдің азаматы. Осыны жөнге келтіріп, аражігін ажыратып алу керек. Мемлекеттік қызмет – керемет бақ емес. Жүрген жеріңнің барлығы шашылып жатқан алтын алмасы емес. Осыған ел үшін алаңдап жүрген, жаны ашитын жастар келсе, дұрыс болар еді, - деді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также