Бұл туралы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, қазір әлеуметтік медициналық мекемелер жұмысы ашықтығын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.
Медициналық бөлмелерге бейне бақылау камералары орнатылуда. Бұл әлеуметтік медициналық қызмет сапасын бақылауға көмектеседі. Бұл массаж жасау тағы басқа медициналық қызмет түрлері көрсетілетін кабинеттер. Енді науқастың туыстары мен бақылау органдары сырттан онлайн бақылау жасай алады. Бұл шаралар жұмыс сапасы мен ашықтықты қамтамасыз етіп қана қоймай, қызметкерлердің кәсіби тәртіпті ұстануына әкеледі, - дейді Айдынжан Нарматов.
Сонымен қатар, ол медицина мекемелері қызметкерлері арасында тексерістер жүргізілетінін жеткізді.
Бұл қызметкерлер арасында түрлі ауру бар-жоғын және сотталғандарды, психикалық ауытқушылығы бар адамдарды анықтау мақсатында жүргізіледі, - деді ол.
Алматы қаласы Әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы қалада тоғыз медициналық әлеуметтік мекеме бар екенін және ол жерде 8 әлеуметтік көмек түрі көрсетілетінгін жеткізді.
Қазір тоғыз мекеменің 6-уы толық жұмыс істеп жатыр, яғни апта бойы 24 сағат қызмет көрсетеді. Бұл мекемелерде карантин шаралары қатаң сақталған және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Қызметкерлер қорғаныш құралы және дәрі-дәрмекпен жеткілікті мөлшерде қамтылған. Олар жергілікті бюджет есебінен алынды. Қазіргі кезде дәрілердің жетіспеушілік дерегі жоқ, - деді ол.
Сөз арасында ол сәуір айынан бері демалыссыз жұмыс істеп жатқан 411 қызметкерге әкімнің қолдауымен сыйақы төленгенін жеткізді. Бұл қызметкерлерді және олардың отбасын қолдау мақсатында жасалған.
Медициналық қызмет көрсету бөлмелеріне камералар орнатылуда
2020-07-24 11:00:44
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77037-medicinaly-yzmet-krsetu-blmelerne-kameralar-ornatyluda.html#talgar