Бұл туралы ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елімізде екі оқиға орын алды. Ең алдымен Түркістан облысының Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал болды. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, нәтижесінде бір учаскелік инспектор мен 3 тұрғын жарақат алды. Оқиға орнына дереу жеткен полиция инспекторы жарақат алғанына қарамастан, заң бұзушылықтың жолын кесті. Жедел іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысқан 4 азамат анықталып, ұсталды, - деді ол.
Министр жанжалдың барлық мән-жайы тексеріліп жатқанын айтты.
Қазіргі кезде жанжалдың неден шыққаны, барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жумыстары жүргізілуде. Бірақ арандатушылар, әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпараттар таратқан. Полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Бұл үшін, заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертемін. Ауылдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері өз жұмысын күшейтті, - деді ол.
Шорнақтағы жанжал: полиция қызметкерлері жұмысты күшейтті
2020-07-24 09:00:51
Последние новости
24.07.2020
ЦИТАТА ДНЯ