Алматы қаласында «Алматы су» мекемесінің су бұру қызметіне тарифтер төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.
Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы су» МКК-ның су бұру қызметтеріне тариф сметасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындысы бойынша кәсіпорынға көлемнің төмендеуіне байланысты тарифтерді төмендетуге өтінім беру туралы хат жіберді.
«Осыған байланысты, «Алматы су» МКК 7 шілдеде департаментке тарифті төмендетуге өтінім жолдады. Бұдан әрі департамент бұйрығымен 21 шілдеде 2020 жылғы 1 тамыздан бастап кәсіпорын үшін тарифтерді төмендетті», делінген хабарламада.
Осылайша, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап су бұру тарифтері:
I. халық санатына жататын жеке тұлғалар үшін тариф 0,09% - ға, яғни 23,12 теңге/м3-ден 23,10 теңге/м3-ге төмендетілді;
II. бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын кәсіпорындарға және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін ұйымдар үшін, сондай-ақ жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын кәсіпорындарға және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін ұйымдар үшін тариф 0,66% - ға, яғни 31,69 теңге/м3-тен 31,48 теңге/м3-ке төмендетілді;
III. бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін және тұтынушылардың бірінші және екінші тобына кірмейтін өзге де тұтынушылар үшін тариф 1,45% - ға, яғни 64,01 теңге/м3-ден 63,08 теңге/м3-ге дейін төмендетілді.
Айта кетерлігі, тарифтер Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес кәсіпорынның 2019 жылы сатылған қызметтерінің нақты көлемінің өсуіне байланысты төмендетілген.
«Алматы су» мекемесінің тарифтері төмендетілді
2020-07-24 09:00:51
Последние новости
24.07.2020
ЦИТАТА ДНЯ