Тергеуші Елжас Каллимуланов, учаскелік полиция инспекторы Елдос Құдайберген және патрульдік полиция қызметкері Бекжан Әміртаев сияқты мамандардан құралған «Фотон-6» түнгі іздеу тобы бригадасына Алматыдағы Солтүстік шеңбер, «Ялян» базарына қарама-қарсы беттегі көпірдің шетінде жас шамасы 40-тан асқан белгісіз ер адам отырғандығы және өз-өзіне қол жұмсауға оқталып тұрғаны жайлы хабар келді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, расыменде ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ ойы барына көзі жеткен. Олар көпір шетіндегі ер адаммен сөйлесіп, оны алған бетінен қайтаруға тырысқан. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адаммен әңгімелесу барысында оның сөзінен мас екендігі белгілі болды.
«Мен жағдайдың қиындап бара жатқанын және біздің батыл әрекет етуіміз керек екендігін түсіндім. Сосын бірден «Б» жоспарына көштік. Әріптесіміз, полицей Құдайберген оны әңгімеге тартып жатқан кезде, полицей Әміртаев екеуміз көпірге әр түрлі жағынан көтеріліп, ер адамға байқатпай, жанына жақындай бастадық. Ол көпірдің артында тұрып, «Буран-168» патрульдік экипажындағы әріптесімізге ренішін айқайлап айта бастады. Менің бұйрығым бойынша Бекжан жақындай түсті де, бір сәтте ер адамға ұмтылды. Ол ештеңені аңғарып үлгермеді, содан кейін мен екінші қолын ұстап, оны қауіпсіз жерге апардым», – деді Бостандық аудандық ПБ ОКП-ның жедел уәкілі Елжас Каллимуланов.
Алайда, полиция қызметкері бұл әрекетін ерлік деп есептемейді.
«Қызметте кез-келген жағдай болуы мүмкін, кейбіреулер өздерін өлтіремін деп қорқытады, нашақорлар бізді көргенде терезеге қарай ұмтылады… Біз оларды құтқаруымыз керек, содан кейін залалсыздандыруымыз керек», – деді полицей Каллимуланов.
Алматыда көпірден секірмек болған ер адамды полицейлер құтқарып қалды
2020-07-22 15:00:44
Последние новости
22.07.2020
Надыров коронавирусты жеңу шартын түсіндірді
22.07.2020
Озеру Кобейтуз придадут особый статус