Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында мұнай төгілгенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Иә, шынында да мұндай факті 17 шілдеде болған. «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының күшімен жағдай реттеліп, қазір мұнай ағып жатқан жоқ», - деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Төгілген мұнайды тазарту жұмыстарын жүргізу керек. Ең бастысы, төгілу жағдайы уақтылы анықталып, тоқтатылды», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Экология министрі Маңғыстауда кен орнында мұнай төгілгенін растады
2020-07-22 15:00:44
Последние новости
22.07.2020
Озеру Кобейтуз придадут особый статус