Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров қаланың коронавирус жағдайына байланысты күз-қыс мезгіліне дайындық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Оның айтуынша, бұған дейін елдегі және қаладағы жағдай бойынша түрлі болжам айтылған. Бірақ болжамдардың көп болуы салдарынан дайындық кезеңі қиынға соққан.
"Бүгінде төсек-орын саны жеткілікті. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда күз-қыс мезгіліне дайындық кезеңі келе жатыр, сарапшылардың болжамы бойынша, ол науқастардың саны күрт ұлғаюы мүмкін кезең. Сондықтан біз төсек-орын санын ұлғайтып жатырмыз.
Бірақ бұл жерде біз денсаулық сақтау жүйесіне дайындық бойынша қалай да кінә таққанымызбен, пандемиямен күрес нәтижесі сіз бен бізге байланысты екенін түсінуіміз керек. Сіздер көптеген адам сақтық шарасын сақтамайтынын да көріп отырған боларсыздар деп ойлаймын", - дейді Надыров
Надыров коронавирусты жеңу шартын түсіндірді
2020-07-22 15:00:44
Последние новости
22.07.2020
Озеру Кобейтуз придадут особый статус