21 шілдеден бастап Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы ашылды, деп хабарлады zakon.kz.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Qazaq Air" авиакомпаниясы ішкі бағыттар бойынша сұранысты қанағаттандыру мақсатымен субсидияланатын авиабағыттарға қосымша конкурс нәтижесі бойынша 21 шілдеден бастап Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады.
Бір бағытқа билеттің кұны – 20 000 тг.
Осылайша "SCAT" авиакомпаниясы орындайтын аптасына 2 рейске "Qazaq Air" авиакомпаниясының қосымша 2 рейсін қосуға рұқсат етілді. Қазіргі уақытта аталған бағыт бойынша аптасына 4 рейс орындалады.
"Qazaq Air" әуе қатынастары сейсенбі және сенбі күндері мына кесте бойынша орындалады: Жезқазған (12:00) – Алматы (13:55); Алматы (14:30) – Жезқазған (16:25). Барлық рейс сыйымдылығы 76-дан 86 орынға дейінгі "Bombardier" әуе кемелерімен орындалады.
Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тағы қосымша әуе рейсі ашылды
2020-07-22 11:00:44