Соңғы кездері ақжелкекке деген сұраныс күрт артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанда коронавирус инфекциясын емдейтін тағы бір "ғажайып" өсімдік табылды. Ол – ақжелкек (хрен). Өсімдікке деген күрт сұраныс оны бәзбіреулердің "коронавирусты емдейді", деген қауесетті таратуымен байланысты болып отыр.
Ақжелкек – ащы дәмдеуіш ретінде жиі қолданылатын өсімдік. Өсімдіктің пайдалы қасиеттері көп болғандықтан оны халық еміне жиі қолданады. Ақжелкек белсенді компоненттерден, антисептикалық қасиеті бар эфир майларынан және кей дәрумендерден құралады. Сондай-ақ ол құнарлы қасиетімен ерекшеленеді: шикі түрінде шамамен 16% көмірсулардан, 3%-ға дейін азотты заттардан және аз мөлшерлі майдан тұрады. Ал С дәруменінің мөлшері бойынша ақжелкек лимоннан да асып түседі. Өсімдік калий, кальций, натрий, күкірт, фосфор, темір және басқа да минералды заттарға бай.
Коронавирус пандемиясы басталғалы бері вируспен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлердің бірі Нұр-Сұлтан қаласы Дерматология орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы Жұлдыз Данбаевадан бұл өсімдіктің айналасындағы ажиотажға қатысты сұрап білген едік.
Ақжелкекті вирусқа қарсы, қолданылатын түрлі инфекцияларды жоятын шөптік дәрі ретінде белгілі бір деңгейде қолданады. Бірақ нақты коронавирусты емдейді деген ешбір негізсіз. Зерттелмей, анықталмай пайдалануға болмайды, - деді ол.
Ақжелкектің жоғарыдағы пайдалы қасиеттеріне қарамастан басқа да өнімдер секілді оның да қарсы көрсетілімі бар. Оны асқынған қабыну процестері бар адамдарға және жүкті әйелдерге қолдануға болмайды. Егер айтылған мөлшерден асыра пайдаланса, ол қан қысымын көтеруі немесе жанама әсер беруі мүмкін.
Коронавирус инфекциясын емдейтін тағы бір "ғажайып" өсімдік табылды
2020-07-22 11:00:44
Последние новости
22.07.2020
Количество автобусов увеличат в Алматы