Өскеменде алаяқ әйел жергілікті тұрғынның есеп-шотынан 4 млн теңге шешіп алды

2020-07-22 09:00:48
Облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны алаяқтың құрбаныболып, салдарынан ірі сомадағы ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасы Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 9 шілдеде зардап шеккен азаматқа белгісіз бойжеткен телефон шалып, өзін банк кеңесшісі ретінде таныстырғанын, оның шотынан белгісіз біреулердің 2 млн теңге көлемінде ақша шешуге әрекеттеніп отырғанын айтты.

Ер адамның сеніміне кіріп алған ол оның пин-кодын біліп алып, банк шотынан 4 млн теңгеге жуық ақшасын шешіп алды. Бұл факт Сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жыл басынан бері ШҚО аумағында алаяқтықтың 45-тен астам фактісі тіркелді, деп хабарлады ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.