Жұмағалиев қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді

2020-07-22 09:00:48
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылуына қатысты Facebook-те жазба қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мені бұл лауазымға тағайындағанда құттықтаушылар көп болды, ал кеткен кезде қолдаушылардың одан да көп екенін көріп, таңғалып отырмын. Телефон соғып, хабарлама жазып, басымыздан кешкен оқиғаларды есіме салдыңыз, өте ризамын. Кейбіріңізбен мемлекеттік мүдделерді қорғауда бірге жұмыс істесек, енді біріңізбен жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асырдық, тағы біріңіз қызықты шешімдеріңізбен бөлістіңіз. Әріптестер, достар, "цифрлық комиссарлар", пікір білдірушілер, азаматтар, менің соңғы жылдары айналысқаным – бұл біздің бірлесе атқарған жұмысымыз, - деді ол.

Ол атағандай, бәріміз нәтижелі жұмыс істедік деп ойлаймын.

Оның бәрін тізбектеп айтпай-ақ, өздеріңіз де білесіздер. Қазір қызметкерлер туралы айтқым келіп отыр. Мен министрлік ұжымының, ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің әрбір қызметті цифрлау үшін, әрбір интеграция үшін және олардың қазақстандықтардың өмірін жеңілдетудегі маңызы мен қажеттілігін дәлелдеуге күш салғанын, бар ынта-жігерімен жұмыс істегеніне куә болдым. Сіздерге басымды иіп, зор алғысымды білдіремін. Осы ФБ-да мүмкіндігінше ашық болуға тырыстым, жоспарларымызбен бөлісіп, нәтижелеріміз туралы жаздым. Бұл көпшілік үшін пайдалы болды деп үміттенемін. Дос болғаныңыз үшін, бірқатар мәселені шешуге көмектескен пікірлеріңіз үшін, идеяларыңыз үшін көп рахмет. "Цифрлық комиссарлар" – біздің тәуелсіз сарапшыларымызға алғысым шексіз, қоғам белсенділері мен ҮЕҰ басшыларына, блогерлерге тұрақты фидбек үшін көп рахмет, халықты біздің жұмысымыздан үнемі хабардар етіп отырған журналистер қауымына және біздің бастамаларымызға қолдау білдіргені үшін депуттарға зор алғыс, - деді Жұмағалиев.

Жұмағалиев Елбасы және Президентке алғыс айтты.

Бастамалары мен Қазақстанды цифрландыру үдерістерін үнемі қолдағаны үшін Елбасыға, Президентке және сіздердің әрқайсыңызға соңғы жылдары маған артқан сенім мен көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін, - деді ол.

Сондай-ақ Бағдат Мусинге сәттілік тіледі.
Бағдат Мусинге сәттілік тілеймін, сала сенімді қолда! Жаңа мақсаттарды айқындап, іске қайта кірісемін... ФБ-дағы достығымыз жалғасады. Бәріңізге мықты денсаулық тілеймін! Аман-сау болыңыз! - деді ол.

Айта кетейік, 20 шілде күні Асқар Жұмағалиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды. Ал Бағдат Мусин осы ведомствоның вице-министрі болып тағайындалды.