Зеленский террористің ойға қонымсыз талабын орындауға мәжбүр болды(ВИДЕО)

2020-07-22 07:01:01
Украина президенті Владимир Зеленский Луцк қаласында автобустағы жолаушыларды кепілге алған террорист талаптарының бірін орындады, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

Қылмыскер Зеленскийден тұрғындарды 2005 жылы түсірілген "Земляне" фильмін көруге шақырып, видео түсіруді талап еткен.Видео жарияланған соң алдымен кепілге алған үш адамды, кейін бәрін бостатуға келісті. Полиция террористі 12 сағаттан соң ұстады.

[media=]

Террорист ұсталған соң Зеленский Facebook-тегі жазбаны өшірді.
[media=t.me/breakingmash /19275]

Қылмыскер президентпен қоса есептегенде Украинаның 24 лауазымды тұлғасына, шіркеу басшыларынан Youtube-те "Мен - аты-жөні, қызметі, террористпін (террорист в законе)" деген видео жүктеуді талап еткен.

Шенеуніктер бұл талапты орындаған жоқ.