Көбейтұз көлі 49 жылға рекреациялық мақсатта жалға берілмейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.
Облыстық басқарма бұған дейін жарияланған конкурстың бірінші тармағы алынып тасталғанын айтты.
«Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы рекреациялық мақсатта жалға беру бойынша конкурс тізіміндегі су объектілері арасынан Көбейтұз көлін алып тастады», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін күлгін түсті Көбейтұзды 49 жылға жалға беру үшін конкурс жарияланғанын жаздық. Конкурс 27 шілде күні өтуі керек еді.
Көбейтұз 49 жылға жалға берілмейтін болды
2020-07-22 07:01:01
Последние новости
22.07.2020
22 шілдеге арналған ауа райы болжамы
22.07.2020
Прогноз погоды на 22 июля
22.07.2020
ЦИТАТА ДНЯ
22.07.2020
Гороскоп на 22 июля