Бүгін елімізде республикалық #АнашымМаскаТақтыңызБа челленджі басталды. Челлендждің бастамашысы "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Садвакасова, деп хаюарлайды BAQ.KZ.
Динара Садвакасова барлық қазақстандықтарды #АнашымМаскаТақтыңызБа атты челленджді қолдауға шақырды.
Сонымен қатар, челленджді жасұландықтар және Ержан Максим, Аминка-Витаминка, Данэлия Тулешова, Адина-Мадина сияқты дарынды балалар қолдап жатыр.
Челлендждің негізгі мақсаты - аналарымыз бен жақындарымызға қамқор болу. Оған қатысу үшін маска киген анаңызбен бірге түскен суретті немесе видеоны әлеуметтік желілерге жариялап, #АнашымМаскаТақтыңызБа хештегін қойып, @jasulan_qz парақшасын белгілеу қажет, - деп жазды "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының баспасөз қызметі.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии