Пандемия кезінде алғы шепте жұмыс істейтін медициналық қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдары үшін Үкімет резервінен 7,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«Алғы шептегі қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарының резерві қалыптасты. Үкімет резервінен бұл мақсатта 7,2 млрд теңге бөлінді. Осы жұмыстар аясында 41 млн маска, 27 млн қолғап пен 379 мың қорғаныс костюмі және 1,2 млн ПТР-тест сатып алынады», - деді ол жиналыста.
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта 2021 жылдың қыркүйегі мен ақпаны аралығы үшін қорғаныс құралдарының резерві жасалады.
Дәрігерлердің қауіпсіздігі үшін Үкімет резервінен 7,2 млрд теңге бөлінеді
2020-07-21 11:00:42
Последние новости
21.07.2020
О снижении цен на маски заявил министр
21.07.2020
Жұмысты жалғастыру қажет - Мамин