Бүгін онлайн Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин "Қарапайым заттар экономикасы" туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша қаражатты игеру қарқынын ұлғайту қажеттігіне назар аударды. Маңызды міндет – ішкі өндірісті жедел дамыту және өнеркәсіптік өзіндік қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату арқылы бүкіл экономикаға жаңа серпін беру. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет, - дейді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының шеңберінде 491,5 млрд теңгеге 2 мыңнан астам жоба мақұлданған.
Импорт алмастыруға бағытталатын жобаларды ойдағыдай іске асыру үшін қазіргі рәсімдік және жүйелік тосқауылдарды жою қажет.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржыгерлер қауымдастығымен және екінші деңгейдегі банктермен бірге банктердің бизнес-процестерін оңтайландыру мүмкіндігін, атап айтсақ, кредиттік өтінімдерді қарау мерзімін, құжаттар тізбесін қысқартуды және кепіл саясатын оңайлатуды қарастыруы керек. Жүйелік тосқауылдар бойынша Жобалық офистың жұмысы аясында Ұлттық банкпен бірге айналым капиталын 100 пайыз қаржыландыруды кеңейту мүмкіндігі тұрғысынан жұмыс жүргізуді тапсырамын, - деді үкімет басшысы.
Жұмысты жалғастыру қажет - Мамин
2020-07-21 09:00:45
Последние новости
21.07.2020
Пневмония, COVID-19 емдеу, антибиотиктерді қолдану, емдеуге жатқызудың көрсеткіштері туралы
21.07.2020
ЦИТАТА ДНЯ