ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елімізде коронавирус бойынша жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«Республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың өсімі 2,1% пайызды құрайды. Кей өңірлерде одан да аз. Мысалы, Шымкентте– 1%, Қызылорда облысында – 0,9%, Түркістан облысында – 0,8%, Ақтөбе облысында – 0,5%. Қазіргі басты міндет – барлық өңірлердегі ауру жұқтыру деңгейін орнықты төмендету»,- деді ол бүгінгі Үкімет отырысында.
Үкімет басшысы ауылдық жерлердегі жағдайды жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылдау керектігін айтып, министрлер мен әкімдерге 5 тапсырма жүктеді.
Денсаулық сақтау және индустрия министрлігі, әкімдіктер тамыз соңына дейін өңірлердегі ауруханаларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен қажеттілікке сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.
ДСМ әкімдіктермен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ветеринарлық зертханалар базасында коронавирусқа тестілеу жұмыстарын ұйымдастырсын және кадрлармен жасақтасын.
Индустрия, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктері шұғыл түрде өңірлерді көпшелі диагностикалық кешендермен, аудандық ауруханаларды цифрлық рентген аппараттарымен қамтамасыз етсін.
ДСМ әкімдіктермен бірге екі апта ішінде оттегі концентраторлары мен медициналық газдарды толық жеткізуді қамтамасыз етсін.
«СҚ-Фармация» шілденің соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша 1 айға жететіндей етіп өңірлерге жеткізсін және дәрі-дәрмек қажеттілігін жоспарлаудың нақты жүйесін жоспарласын. Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтөбе облысы үлгісімен тұрақтандыру қоры құрылып, қажетті қор (запас) дайындалсын.
«СҚ-Фармация» өңірлерге қосымша 1 айға жететін дәрі-дәрмек жеткізсін – Мамин
2020-07-21 09:00:45
Последние новости
21.07.2020
О снижении цен на маски заявил министр
21.07.2020
Жұмысты жалғастыру қажет - Мамин