Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтардың жалақысына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Менің елдегі жалақы деңгейіне "сыни тұрғыда" қараймын. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, елімізде орташа жалақы 200 мың теңгеге сәл жетпейді. Бұл салықты есептемегенде, демек, қолға одан да аз түседі. Медианалық жалақы ұғымы бар. Ол да 125 мың теңге деңгейінде, одан көп емес", - деді Нұрымбетов ОҚК брифингінде.
"Әрине, бізде жалақы аз. Мен әрқашан бірінші кезекте халықтың табысын арттыруға тырысамын. Осыдан атаулы әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге байланысты сұрақтар туындайды. Сондықтан біз жұмыс берушілер еңбекақысын арттыруға жүйелі түрде кірісу үшін әлеуметтік серіктестік аясында жұмыс істейміз", - деді министр.
Нұрымбетов жалақыны кезең-кезеңімен арттыру қажет екенін айтты.
"Бүгінде ол бізде аз. Біз, Еңбек министрлігі оны кезең-кезеңмен арттыру қажет деп есептейміз. Әрине, қазір оның уақыты емес, бұл біраз шығын жұмсалатын мәселе. Дегенмен, елдің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму құжатында біз орташа төменгі жалақыны кезең-кезеңмен көбейтуді көздеп отырмыз", - деді министр.
Нұрымбетов қазақстандықтардың жалақысына "сыни тұрғыда" қарайтынын айтты
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
14.07.2020
Информацию об отказе в госпитализации из-за выплаты 42 500 тенге прокомментировал министр
14.07.2020
Түркиядан жеткізілген 125 өкпені жасанды желдету аппараты жүкті алушыларға табысталды
14.07.2020
Н.Назарбаев поручил выделить деньги на строительство двух медицинских центров
14.07.2020