Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасымен кездесті, деп хабарлайды Elbasy.kz сайты.
Кездесу кезінде Елбасы қазіргі экономикалық дағдарыстың қордың жұмысына және оған қарасты компанияларға қатты әсер еткенін жеткізді. Ал қор басшысы Ахметжан Есімовтың айтуынша, компаниялар тобында жұмысшыларды қысқарту болған жоқ. Денсаулық сақтау саласын қолдау шаралары да атқарылып жатыр. Осы орайда тұңғыш президент "Самұрық-Қазынаның" коронавирус пандемиясымен күреске кеңінен қатысу қажеттігін жеткізді.
"Қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде "Самұрық-Қазынаның" ішкі резервтерінен Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі медициналық орталықты салуға қаржы бөліп беруді тапсырамын. Осы орталықтар ғылыми-зерттеу әлеуетімізді нығайтатын болады. Соның арқасында болашақ ұрпақты сан алуан қауіп-қатерлерден қорғай аламыз. Үкімет пен әкімдердің осы бастаманы қолдайтынына сенімдімін", – деді Назарбаев.
Соңында Елбасы коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың туған-туыстарына тағы да көңіл айтып, қазақстандықтарды санитарлық нормаларды сақтауға үндеді.
Нұрсұлтан Назарбаев екі жобаға қыруар қаржы бөлуді тапсырды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
14.07.2020
Айзада Құрманова Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды
14.07.2020
Могут ли студенты претендовать на 42 500 тенге
14.07.2020
Каким ресурсам можно доверять при подаче заявки на получение 42 500 тенге
14.07.2020