Коронавирус. Қайтыс болған әйел туралы жаңа мәліметтер айтылды

2020-03-27 09:00:43
Коронавирус. Қайтыс болған әйел туралы жаңа мәліметтер айтылды
Кеше елімізде коронавирус пандемиясынан алғашқы өлім тіркелді. Осы оқиғаға байланысты Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ильясов қосымша түсіндірме жұмыстарын онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше жасалған интенсивті терапияға қарамастан Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Ақмола облысының әкімі мен денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ жергілікті халықтың атынан көңіл айтамыз, - деді Сүлен Ильясов.

Оның айтуынша, науқас 27 наурызда жедел жәрдеммен медициналық мекемеге жеткізілген.

Науқастың өліміне екіжақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі, қант диабеті, гипертония және атеросклероз фонындағы сепсис әсер еткен. Пневмонияның себебі коронавирус болған. 25 наурызда таңғы сағат 7-де науқас өте ауыр жағдайда ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді, - деді ол.

Басқарма басшының айтуынша, науқас әйелде алдын ала белгілері бойынша коронавирусқа күдікті болған.

Науқас алдын ала алгоритм бойынша ЖРВИ деп танылып, коронавирусқа күдікті болды. Әйел Целиноград аудалының №2 көпсалалы облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеке жатқызылған.Туыстарының сөзі бойынша, ол ешкіммен байланыста болмаған және шетелде шықпаған.13-17 наурызда Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған. Науқаспен байланыста болған барлық адам анықталып, олар оқшауланды және КВИ-ге анализ алынды. Эпидемияға қарсы барлық жұмыс жүргізіп жатыр. Ақмола облысында коронавирустан алғашқы өлім тіркелді - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше елімізде коронавирус індетінен бір науқас қайтыс болған болатын. Ал қазіргі мәлімет бойынша вирус жұқтырған науқастар саны 120-дан асты.
Просмотров материала: 0