Нұр-Сұлтанда аурухана карантинге жабылды

2020-03-27 09:00:43
Нұр-Сұлтанда аурухана карантинге жабылды
Нұр-Сұлтанда орналасқан облыстық аурухана карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Манас көшесінде орналасқан №2 көпсалалы облыстық аурухана карантинге жабылды.

"Байланысқан адамдар карантинге жіберілді. Орынжайдың барлығына дезинфекция жасалды. Науқастарға келуге тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Мұның алдында №1 автобус паркі де карантинге жабылғаны мәлім болған. Автопарктың барлық аумағына, автобустарға дезинфекция жүргізілді. Байланыста болған кісілер стационарға жіберілді.

Еске салайық, 2020 жылы 28 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап халық көп жиналатын орындар - саябақтар, скверлер, жағалаулар, ойын алаңдары және басқалары жабылады.

Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық (отбасы мүшелерінен басқа) топтасып жиналуға тыйым салынады, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз қалада жүруіне тыйым салынады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу, медициналық қызмет алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектеледі.

Айта кетейік, елордаға кіру және шығу бойынша қатаң режимді бұзған 60-тан астам адам әкімшілік жауапкершілік
ке тартылды, олардың 46-сы қамауға алынды. Бұдан өзге, ТЖ режимін бұзғаны үшін 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.
Просмотров материала: 0