Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қолданылады

2020-03-27 09:00:43
Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қолданылады
Карантин режимі шеңберінде жарияланған шектеу іс-шаралары тұрғындар мен меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Төтенше жағдай кезінде карантин режимінің талаптарын сақтамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодекс шеңберінде әкімшілік жауапкершілік көзделеді - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қолданылады


Онда:

- ескерту немесе 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл;

- 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу (ӘҚБтК-нің 476-бабы).

Сонымен қатар, азаматтар құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбағаны үшін мынадай жазаға тартылады (ӘҚБтК-нің 667-бабы):

- 106 мың теңгеге дейінгі мөлшерінде айыппұл;

- 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу.

Сонымен бірге, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады:

- 5,3 миллион теңгеге дейінгі мөлшерінде айыппұл;

- екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК 379-бабы).

Барлық шектеу іс-шаралары уақытша және инфекцияның таралуын болдырмау үшін ғана қабылданып жатқанын айтып өткен жөн.

Просмотров материала: 0