Доллар 490 теңгеден саудаланып жатыр

2020-03-25 09:00:39
Доллар 490 теңгеден саудаланып жатыр
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 490 теңгеден саудалануда.

Kurs.kz сайтыннан 1 долларды сатып алу 492 теңге, ал сату 487 теңгеге жеткенін көруге болады.

Ал Ұлттық банкте 1 доллар 444,8 теңге шамасында деп көрсетілген.

Айта кетсек, наурыздың 9 күні мұнайдың әлемдік бағасы бірден құлдырап, артынша теңге бағамы да түскен болатын. Артынша сарапшылар елдегі доллар бағамы 440 теңге маңайында сақталады деген болжам жасаған еді.

Просмотров материала: 0