Коронавирус: тағы 7 адамнан анықталды

2020-03-25 09:00:39
Коронавирус: тағы 7 адамнан анықталды
Қазақстандағы коронавирус бойынша 25 наурыздағы 09:40 сағаттағы жағдайға сәйкес, вирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, оның ішінде: Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды, деп жазады BAQ.KZ.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 79 науқас тіркелді.
Просмотров материала: 0