Хантавирус: Қытайда жаңа вирустан бір адам көз жұмды

2020-03-25 09:00:39
Хантавирус: Қытайда жаңа вирустан бір адам көз жұмды
«Ер адам чартерлік автобуспен көрші провинцияға бара жатып, орта жолда қайтыс болған. Дәрігерлер қойған диагноз - хантавирус жүрек-өкпе синдромы. Автобустағы қалған 32 адам дереу карантинге жатқызылды, деп жазды «Новое время» басылымы, деп хабарлайды NEGE.

Жолаушылар арасында вирус жұқтырғандардың бар-жоғы туралы ақпарат жоқ. Хантавирус та коронавирус тәрізді адамның тыныс алу жолдарын зақымдайды. Вирустың бұл түрін негізінен кеміргіштер тасмыалдайды. Вирус олардың зәрінде қалады және ауа арқылы беріледі.

Хантавирустың белгілері көптеген тыныс алу органдарының ауруларына ұқсас - бас ауруы, әлсіздік, жөтел, ас қорыту проблемалары және құсу. Хантавирусты емдейтіне вакцина әлі жоқ.

Дегенмен хантавирусты дәл коронавирустай қауіпті емес деп санайтындар бар. Мәселен unian.net порталы «хантавирус адамнан адамға жұқпайды» деп жазды. Осы порталдағы мәліметке қарағанда, хантавирустың анықталғанына кемінде бір ғасыр болған. Америкалық дәрігер Таня Эллиот Қытайда ең көп кездесетінін, жылына 16-дан 100 мыңға дейін сырқат тіркелетінін айтқан.
Просмотров материала: 10