Алматыда карантин кезінде балабақшалар жабылады

2020-03-17 15:00:48
Алматыда карантин кезінде балабақшалар жабылады
Алматыда 19 наурызда басталатын карантин кезінде балабақшалар жабылады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға үндеуі кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Карантин кезеңінде балабақшалар, азық-түлікке жатпайтын сауда базарлары, ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады. Оларда орналасқан азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын объектілер ғана жұмыс істейді", - деді Сағынтаев.

Оның айтуынша, Алматыдағы шектеу, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың толық тізімі жақын арада қала әкімдігінің барлық ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
Просмотров материала: 0