Медеу, Шымбұлақ, Көк-Төбе жұмысын тоқтатты

2020-03-17 13:00:45
Медеу, Шымбұлақ, Көк-Төбе жұмысын тоқтатты
Президент Қ. Тоқаевтың 15.03.2020 №285 Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай режимін енгізу туралы Жарлығына байланысты Алматы қаласының әкімдігі 2020 жылғы 16 наурыз 08.00-ден 15 сәуір 07.00-ге дейінгі кезеңде Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе туристік объектілерін жабу туралы шешім қабылады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.

«Сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы агломерациясына ішкі туризм бойынша турлар мен экскурсияларды жүзеге асыратын туристік ұйымдардың қызметіне тоқтау салынды»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 наурызда сағат 12.00-дегі мәліметке сәйкес, Алматы қаласында -11 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 16 адам, жалпы Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырған 27 науқас тіркелді.
Просмотров материала: 0