Ауруханалар мен интернаттар карантинге жабылады – министр

2020-03-17 11:00:38
Ауруханалар мен интернаттар карантинге жабылады – министр
Еліміздегі барлық медициналық, әлеуметтік медициналық ұйымдар мен интернаттар карантинге жабылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

«Бұл мекемелерге тек сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі. Басқаларға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтіледі. Медициналық мекемелерде фото, видео түсіруге, аудио жазуға тыйым салынады», - деді министр.

Министр төтенше жағдай кезінде халықты сабырға шақырды.

«Бұл емделетін инфекция. Диагноз қоя алатын күшіміз бар», - деп айтты ол бұл жайлы.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында СOVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 14 адамның тіркелгенін хабарлаған еді.

Коронавирусқа байланысты кез келген сұрақ бойынша 1406 нөміріне хабарласуға болады.
Просмотров материала: 0