Коронавирус: басқарма басшысы 14 науқастың қалай анықталғанын айтты

2020-03-17 13:00:45
Коронавирус: басқарма басшысы 14 науқастың қалай анықталғанын айтты
Нұр-Сұлтан қаласында бүгін тіркелген 14 адамның жағдайы туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5 адам қаланың стационарында жатқан болатын. Олардың 4-еуі Италия және Оңтүстік Корея рейстерінен түсірілген еді. Жағдайы қанағаттанарлық. Бір науқас ЖРВИ орташа диагнозымен жатқан болатын. Тексерістен кейін коронавирус инфекциясы екені белгілі болды. Қалған 9 адам қауіпті елдер не контакт жасаған адамдардың арасынан белгілі болды. Барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды, - деді Сәуле Қисықова ОКҚ брифинг барысында.
Просмотров материала: 0