Серік Мәмбетов: “Ауыл баласы қала баласынан кем емес”

2020-03-17 07:00:34
Cоңғы кезде әлеуметтік желілерде «АуылФутбол» хэштегі жер жарып тұр. Біз осы жайында идея авторы, белгілі журналист, өзін «ауыл журигі» деп атайтын Серік Болатұлы Мәмбетовтің өзінен сұрап білген едік.


– Серік Болатұлы, бүкіл «Facebook» ауыл футболы деп айқайлап тұр. Бұл қандай акция?

– Ол, біріншіден, ешқандай акция емес. Бұл ұлттық идеяға айналса да артықтық етпейтін керемет жоба. Кем дегенде елдегі балалар футболын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болуға лайық идея деп білемін.

– Биікке қол сермепсіздер…

– Бұл түк те фантастика емес, тек әрекет ету керек.

– Үкімет те, жергілікті органдар да балалар футболын дамыту үшін тірлік етіп жүр ғой.

– Әлбетте. Соңғы жылдары бұл тарапта көп жұмыс істелді. Бағдарламалар қабылданды, бюджеттен ақша бөлінді. Айтпақшы, жеке меншік сектор да бұл жағынан өте белсенді қимылдап жатыр, спорт нысандары салынуда, үйірмелер мен секциялар ашылды, балалар спорттың сан түрімен айналысып, жарыстарда жүлде алып жүр.



Сұхбаттың толық нұсқасын DALAnews сайтынан оқисыз

Просмотров материала: 0