Қазақстандықтардың төрттен бір бөлігі алғашқы кредитін 25 жасқа дейін алады

2020-03-17 07:00:34
Қазақстандықтардың төрттен бір бөлігі алғашқы кредитін 25 жасқа дейін алады
2019 жыл бойынша БКБ ұсынған деректерге сәйкес Қазақстанның кредит жүйесіне бұрын кредит алмаған жаңа 580 мың қарыз алушылардың аты-жөні енгізілген. Олар жалпы алғанда 176 млрд. теңгеден асатын сомаға кредит алған. Жаңа қарыз алушылар орташа есеппен 303 мың теңгеге кредит алған.

9 млн. қазақстандықтар банктер арқылы кредит алу тәжірибесіне ие. Алайда кредит алу мақсаты қарыз алушылардың жасына байланысты әркелкі. Solva микроқаржылық компаниясы адамдар қанша жастан бастап кредит алатындығын, қарыз алушылардың негізге жас топтары арасында қандай ерекшеліктері бар екендігін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жүргізген. Зерттеуге 18-65 жас аралығындағы 7 мыңнан астам респонденттер қатысқан.

Алғаш рет кредит ресімдеген үш негізгі жас санаттары анықталды. Ең үлкен үлесті 25-45 жас аралығындағы қарыз алушылар (67,82%) құраса, 28,74%-ды 18-25 жас аралығындағы қарыз алушылар құраған. 45-65 жас аралығындағы сауалнама қатысушылары мүлдем кредит алмағанды жөн санайды екен. Мұндай қаржылық қызметті пайдаланатын адамдардың ішінде бұл көрсеткіш 3,45%-ды құрады.

Әдетте жастар бірінші кредитін әлеуметтік желілер мен мессенджерде тілдесу үшін қажетті заманауи гаджеттерді сатып алу үшін алады екен. Екінші жағынан кредит алудың мұндай мақсаты жастар арасындағы бірегей әлеуметтік индикатор ретінде танылады.

Сатып алынатын техниканың ішінде кеңінен өнімділігі өте жоғары премиалды брендті құрайтын смартфондар (73%) таралған. Бұған қоса жастар дыбыс сапасы жоғары құлаққаптың жаңа модельдерін (18%) және видео қарауға ыңғайлы планшеттерді (7%) сатып алады екен. Кредитке квадрокоптер мен электр скутерлерді (2%) сатып алушыларды саны өте аз.

Ересек қарыз алушылар арасында кредит негізінен жылжымайтын мүлік (22%), автокөлік (27%), үйге арналған тұрмыстық техника (47%) алуға және саяхаттауға (4%) алынады екен.

Бұған қоса қазақстандықтардың шамамен 76% кредитті той, мерейтой, тіпті жерлеу секілді рәсімдерді өткізу үшін алатындығы анықталды. Білім алуға арналған кредиттер де танымал. Қаражат негізінен жоғары оқу орындарындағы білім алу мақсатында жұмсалады. Әдетте студенттердің ата-аналары кредитті өз аттарына ресімдейді екен.

Той өткізу үшін қаражат қажет болған жағдайда, мүлдем кредит алғанды ұнатпайтын қазақстандықтар да банктен қарыз алуға мәжбүр болатындығы тағы анықталды. Қазақстанда ұйымдастырылатын 80% той «ел қатарлы өткізейік» деген жас жұбайлар мен олардың ата-аналарының қалауына сәйкес кредитке өткізіледі. Мұндай мінез-құлық мерейтой өткізу секілді сұрақ туындаған жағдайда да жұмыс істейді.

Жас ұлғайған сайын кредитке деген қызығушылық азайып, адамдардың қажеттілігі өзгереді екен. Мысалы, 45 жастан жоғары адамдар кредитті тұрмыстық техника (47%) сатып алуға, емделуге (16%), балаларына білім беруге (37%) алады. Жалпы алғанда белгілі бір жасқа жеткенде адамдарда қаржылық тұрақтылық пен төлем тәртібі қалыптастырылады, бұған қоса адамдарда жиналған қаражаты болады, әрі адамдар кредитті ойланып қана алады.
Просмотров материала: 0