17 наурызға арналған ауа райы болжамы

2020-03-17 07:00:34
17 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде, фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жауын-шашын, қар жауады, деп болжайды синоптиктер.

Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қостанай, Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз Түркістан облысында күн күркірейді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Просмотров материала: 0