Қазақстанда төтенше жағдай созылуы мүмкін – Тоқаев

2020-03-16 13:00:37
Қазақстанда төтенше жағдай созылуы мүмкін – Тоқаев
Үндеуде мемлекет басшысы елде енгізілген 30 күндік төтенше жағдай қажет болған жағдайда созылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, мен Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойдым. Төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 16 наурызындағы сағат 08.00-ден бастап 30 күнге созылады. Қажет болған жағдайда режим әрекеті созылуы мүмкін. Жарлықта қажетті профилактикалық шаралар қарастырылған. Қоғамдық тәртіпті күзету күшейтілді. Жаппай шараларды өткізуге тыйым салынды, - деді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған үндеуінде.
Просмотров материала: 0