Президент Үндеуі нешеде жарияланатыны айтылды

2020-03-16 11:00:36
Президент Үндеуі нешеде жарияланатыны айтылды
Президенттің телевизия арқылы жасайтын үндеуі эфирге сағат 14:00-де шығады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасында Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты телевизия арқылы жасайтын үндеуі республикалық арналардан бүгін сағат 14:00-де көрсетіледі - деді Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында..

Естеріңізде болса, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған арнайы үндеу жариялайтынын хабарлаған болатынбыз.
Просмотров материала: 0